Таразда белгілі фотограф Алтынбек Қартабайдың көрмесі өтті
- авторjambylinfo.kz
- 3 маусым, 2024
- 1164

Бүгін Т.Рысқұлов саябағында облыстық «AR-AI» жастар газетінің фотокорреспонденті Алтынбек Қартабайдың фотокөрмесі өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Ш.Уалиханов атындағы әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен өткен ерекше форматтағы фотогалереяда 80-ге жуық таңдаулы туындылар көрермен назарына ұсынылды.
Ашық аспан астындағы кездесуге ақпарат саласының ардагерлері, бірқатар зиялы қауым өкілдері және тұрақты кітапхана оқырмандары мен қала тұрғындары қатысты.
Сонымен қатар табиғат аясындағы керемет кештің куәсі болуға Алтынбек Болатұлының 80-нен асқан ақжаулықты анасы арнайы келіп, ұйымдастырушыларға алғысын айтып, ақжарма тілегін арнады.
Айта кетейік, фототілшінің жекетұлғалық құнды құжаттары мен таңдаулы 500-ге жуық фотосуреті Тараз қалалық мемлекеттік архивте сақтаулы.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Жамбыл ауданында жаңа мәдениет үйі ашылды
Ұқсас жаңалықтар
ХТУ ректоры жаңа оқу жылының басымдықтарын таныстырды
- авторБақытжан Бекболат
- 17 маусым, 2025
Жамбылда блогер жарнама түсіремін деп 10 тәулікке қамалды
- авторСадуақас Айсұлу
- 17 маусым, 2025