Жамбыл ауданына қарасты Ақбұлым ауылында жаңа Мәдениет үйі ел игілігіне берілді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
«Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында еңсе тіктеген мәдени ошақ 100 орынға шақталған. Жалпы құны 360 млн 865 мың теңгені құрайтын нысанның құрылысын «АКМ Group» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өткен жылы бастаған. Жалпы аумағы 550 шаршы метрді құрайтын ғимаратта көрермен залы, кітапхана, түрлі үйірмелер өткізетін кабинет бар.
Конституция күніне орай ашылған жаңа нысанның салтанатты ашылуына аудан әкімі, ауыл ардагерлері, тұрғындар және мәдениет саласының мамандары қатысты. Аудан басшысы Ерлан Қыдыралыұлы ақбұлымдықтарды құттықтап, ақжарма тілегін жеткізді.
- Рухани жаңғыруға жетелейтін бұл мекемеде келешекте ауданымыздың, жалпы қазақтың атын шығаратын талай өнер жұлдызы әлемге танылса деген тілегім бар. Аудан бойынша қазіргі таңда халыққа қызмет көрсетіп жатқан мәдениет мекемелеріне алдағы таяу уақытта құрылысы қарқын алған Қызылқайнар ауылдық мәдениет үйі, Аса ауылындағы аудандық тарихи-өлкетану мұражайы мен орталық кітапхана қосылмақ. Бұл игіліктер жалғаса береді, – деді аудан әкімі.
Жалпы ауданда 25 мәдени нысан бар. Жыл соңына дейін Қызылқайнар ауылдық округінде де жаңа мәдениет үйі ашылады.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
«Ауыл аманаты»жобасы аясында 4 мыңнан астам жоба қаржыландырылды
- авторМағжан Орынбасар
- 21 желтоқсан, 2024
Облыста 16 ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылуда
- авторМағжан Орынбасар
- 21 желтоқсан, 2024