«Атып өлтірген». Таразда түлектер арасындағы жанжал адам өлімімен аяқталды
- авторМағжан Орынбасар
- 29 мамыр, 2024
- 643
Жамбылда мектеп бітіргеніне 10 жыл болған түлектердің бірі жолдасын Қаңтар оқиғасы кезінде табылған мылтықпен атып өлтірген, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Деректерге сүйенсек, оқиға Тараздағы 9 мөлтек ауданында болған. Жуалы ауданының тумасы 10 жылдық мектеп бітіру кешінде жолдасымен сөзге келіп қалып, мәселені шешу мақсатында қолына қаңтар оқиғасы кезінде қолды болған қаруды алған. Ақпаратты полиция департаменті растап отыр.
"Өлім дерегі бойынша ҚР ҚК 99-бабы бойынша қылмыстық іс тіркелді. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Алдын ала ақпарат бойынша қару қаңтар оқиғалары кезінде Жамбыл облысының Полиция департаментінен ұрланған. Қазіргі уақытта олардың аталған оқиғаларға қатыстылығы тексерілуде. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жариялауға жатпайды",- деді ПД баспасөз қызметі.
Ал, соңғы қоңырау кезінде Жуалы ауданында болған жол апаты жайлы білім басқармасының басшысы пікір білдірді. Оның сөзінше, аталған қайғылы жағдайға жас түлектердің қатысы жоқ.
"Маған жеткен ақпарат бойынша Алматы қаласындағы ЖОО-да оқитын студент таныстарын соңғы қоңырауымен құттықтауға барған. Сол кезде аталған мектептің оқушысы көлігіне үйіне жетіп алу үшін мініп кеткен екен. Ол оқиға орта мектеп оқушыларының қатысуымен емес, 21 жастағы студенттің көлік жүргізуі кезінде болған. Апатқа ұшырап, 1 адам қаза тапты. Қалған 3 жолушы дін-аман",- деді Рауан Садырқұлов.
«Ұлы дала» шағын ауданында интернет қашан жақсарады
Ұқсас жаңалықтар
«Ауыл аманаты»жобасы аясында 4 мыңнан астам жоба қаржыландырылды
- авторМағжан Орынбасар
- 21 желтоқсан, 2024