Сапасыз оқулықпен бірінші мұғалім күресуі тиіс – Шерубай Құрманбайұлы
- авторИндира Тәліпқызы
- 29 мамыр, 2024
- 653
Таразда өтіп жатқан қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің республикалық форумында филология ғылымдарының докторы Шерубай Құрманбайұлы пән мұғалімдерін сапасыз оқулықтармен күресуге шақырды, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
«Мұғалім қателікке көз жұма қараса, оқушыдан не күтуге болады? Қазір оқулықтарда кездесетін қателіктерден көз сүрінеді. Мұғалім қолында тұрған кітаптағы өрескел қателіктер туралы дабыл қағуы тиіс. Баспасөзге сыни материал жазып, кітап авторларымен байланыс орнатуы керек», - дейді ғалым.
Шерубай Құрманбайұлы мектеп оқушыларының тілі жұтаңдап бара жатқанын және жас ұрпақтың сауатсыз сөйлеп, сауатсыз жазатын сынға алып, пән мұғалімдеріне бұл мәселеге ерекше мән беру керегін тілге тиек етті.
Еске салайық, Таразда тіл жанашырларының қатысуымен қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің республикалық форумы өтіп жатыр.