Жамбылда сот орындаушы клиенттерінің қалтасын қаққан
- авторМағжан Орынбасар
- 29 мамыр, 2024
- 479
Тараз қаласы прокуратурасы тексеру жүргізу нәтижесінде жеке сот орындаушысының мемлекет пен банк ұйымдарының пайдасына өндіруге тиіс қаражатты ұрлау фактілерін анықтады, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Деректерге сүйенсек, сот орындаушы 46 борышкерден өндіріп алынған соммасы 3,1 млн теңге, оның ішінде мемлекет кірісіне 635 мың теңге қаражатты жеке шотына аударып, өз қажеттіліктеріне жұмсаған. Осылайша борышкерлерге қатысты атқарушылық материалдар түпкілікті орындалмай, берешек өтелмей қалған.
"Осы дерек бойынша Тараз қаласының прокуратурасы ҚК-нің 251-бабының 2-бөлігімен (жеке сот орындаушысының өкілеттігін қайталап теріс пайдалануы) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру бастады. Қылмыстық істі тергеу Тараз қалалық полиция басқармасына жүктелді. ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды",- делінген хабарламада.