«Ауыл аманаты» жобасы аясында 4 мыңнан астам жоба қаржыландырылды - облыс әкімі
- авторМағжан Орынбасар
- 5 желтоқсан, 2024
- 368
Облыста «Ауыл аманаты» жобасы аясында 4 мыңнан астам жоба қаржыландырылды. Бұл туралы Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев орталық коммуникациялар алаңында өтіп жатқан брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Облыс басшысының сөзінше, «Ауыл аманаты» жобасының аясында 2023-2024 жылдары 25,5 млрд теңгеге 38 ауылдық округте 4 мыңнан астам жоба қаржыландырылған. Осылайша 152,2 мың бас мал сатып алынған.
- Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдейтін шағын цехтарды, құрылыс, кондитерлік және тігін цехтарын ашуға бақытталған жобаларды қаржыландыру жоспарлануда. Несие 5 жылға жылдық 2,5%-бен жеке кәсіпкерге 9,2 млн. теңгеге дейін, ал кооперативтерге - 29,5 млн. теңгеге дейін беріледі. 2025 жылы шағын несиемен 1500 адамды қамтамасыз ету жоспарлануда,- деді Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев.
Айта кетейік, қазіргі уақытта Астанада Жамбыл облысы әкімінің қатысуымен брифинг өтіп жатыр.