Облыстың қаржы институттарымен 38,6 мың кәсіпкерге несие берілді – Жамбыл облысының әкімі
- авторМағжан Орынбасар
- 5 желтоқсан, 2024
- 356
Облыстың қаржы институттарымен 38,6 мың кәсіпкерге несие берілді. Бұл туралы Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев орталық коммуникациялар алаңында өтіп жатқан брифингте айтты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Ербол Қарашөкеевтің айтуынша, биыл ШОБ дамытуға 16,6 млрд теңге бағытталған. Осылалайша 31 млрд теңгеге 1152 жоба қаржыландырылған.
- Бизнесті дамытуға облыстың қаржы институттарымен 38,6 мың кәсіпкерге 154,5 млрд. теңге несие берілді. Нәтижесінде, шағын және орта бизнес субъктілерімен шығарылған өнім көлемі 23,9%-ға артты. Жұмыс істеп тұрған субъектілер саны 106,9 мың бірлікті, онда жұмыспен қамтылғандар саны - 164,6 мың адамды құрады. Шағын және орта кәсіпкерліктің жалпы қосылған құны 330 млрд. теңгені, ЖӨӨ-дегі үлесі - 23,5% құрады. 2025 жылы өндіріс көлемін 1,2 трлн. теңгеге арттыру, жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілер санын 110 мыңға, онда жұмыспен қамтылғандар санын 168 мыңға, жалпы қосылған құн көлемін 900 млрд. теңгеге дейін жеткізу жоспарлануда,- деді Жамбыл облысының әкімі.