Жамбылда су үнемдеу технологияларын қолдануды кеңейту аясында 3 кәсіпорын іске қосылды – облыс әкімі
- авторjambylinfo.kz
- 5 желтоқсан, 2024
- 401
Аймақ басшысының сөзінше, Мемлекет Басшысының тапсырмасына сәйкес өңірде суармалы алқаптарды ұлғайту бойынша ауқымды іс-шаралар қабылданды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
«Атап айтқанда, 2019 жылдан бастап 6 ауданында (Байзақ, Жамбыл, Жуалы, Қордай, Меркі, Шу) Халықаралық банктердің несиесі есебінен («Еуропа қайта құру және даму банкі» мен «Халықаралық қайта құру және даму банкі») 36,3 млрд.теңгеге 2 жоба іске асырылуда. 26,9 млрд. теңгесі игеріліп, 608 шқ 183 канал қайта жаңғыртылды. Нәтижесніде, 47,5 мың га суармалы алқаптың сумен қамтылу деңгейі артты. Бұдан бөлек, биыл суармалы суды тиімді пайдалану мақсатында 55,4 мың га егіс алқаптарына су үнемдеу технологиялары енгізілді»,-деді облыс әкімі.
Сондай-ақ, аймақ басшысы су үнемдеу технологияларын қолдануды кеңейту аясында облыста 3 кәсіпорын іске қосылғанын атап өтті.
- «KAZAKH INDUSTRIAL STROI» (ҚХР) 3 млрд.теңгеге жуық инвестиция есебінен каналдарға заманауи бетон жабындары өндірісі, жылдық қуаттылығы 240 мың м2;
- «KAZKASPI HYDRO» (ҚХР) 2,8 млрд теңгеге тамшылатып суару жүйесі, жылына 5 мың гектардан кем емес алқабты қамти отырып;
- ANS PLAST» (Қазақстан) 0,5 млрд. теңгеге спринклерлік жабдықтар мен ПВХ құбырларын шығару (5-6 мың га/жыл).
Сонымен қатар облыста тамшылатып суару жүйесін өндіруді ұйымдастыру бойынша түрік инвесторларымен тағы 2 жоба жүзеге асырылмақ:
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз