сенбі, 23 қараша, 2024 22:15

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Ауыл шаруашылығы жерлерін ұтымды пайдалану керек

Ауыл шаруашылығы жерлерін ұтымды пайдалану керек
ашық дереккөзі
Ауыл шаруашылығы жерлерін ұтымды пайдалану керек
Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен кеңесте арнайы топ жұмысының аралық қорытындылары сараланды. Жер қатынастары басқармасының басшысы Бақтияр Көпбосынов ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің пайдалану тиімділігіне жан-жақты талдау жүргізілгенін, әрбір ауылдық округ бойынша ауыл шаруашылығы жерлерінің картасы әзірленгенін, жер заңнамасының нормалары бойынша әдістемелік ұсынымдар дайындалғанын жеткізді. «Облыс бойынша жайылымдық жерлердің жалпы ауданы 8,1 миллион гектар. Бұл өңірде тіркелген 860,2 мың бас шартты мал басына шаққанда 9 гектардан келеді. Егер қолда бар жайылым қорын тиімді пайдалана білсек, онда жайылым тапшылығын шешуге толық негіз бар», - деді Б.Көпбосынов. Оның айтуынша, жайылым тапшылығынан көптеген ауылдағы жеке қосалқы шаруашылықтарында малды ұстауға қатысты ветеринария талаптары сақталмай отыр. «Осы мәселені шешу үшін аудан әкімдеріне бес негізгі бағыт бойынша шара қабылдау тапсырылды», - деді Б.Көпбосынов. Сондай-ақ, жер пайдаланушылармен меморандумға қол қойылып, олар иелігіндегі жерлерге мал жаюға кедергі келтірмеуге міндеттелді. Бүгінге дейін 486,5 мың гектардан астам ауыл шаруашылық алқабын пайдалануға келісім жасалып үлгерді, жұмыс жалғасады. Қазіргі таңда 100 ауылдың жер пайдаланушыларымен осындай меморандумға қол қойылған. Жерлерді пайдалану және қорғалуын бақылау басқармасының басшысы Тамабек Әбілхайыр зерделеу жұмыстарының қорытындысы бойынша облыс аумағында 252 277 гектар жайылым жер пайдаланусыз жатқаны анықталғанын хабарлады. Әсіресе, Мойынқұм, Сарысу, Қордай аудандарындағы көрсеткіш көңіл көншітпейді. Зерделеу барысында түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде 269 891 гектар жайылымға мал басы тіркелген. Аумағы 6 124 гектар болатын 120 жер учаскесі иесіз мүлік ретінде есепке алынып, 11 630 гектар жайылымды пайдаланушылар өз еркімен мемлекет меншігіне қайтарды. А. Тамабек облыс әкімінің тапсырмасына орай жыл соңына дейін пайдаланусыз жатқан 82 мың гектар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді мемлекет меншігіне қайтару бойынша жоспар бекітіліп, жұмыс жүргізіліп жатқандығын айтты. Жартыжылдық қорытындысы бойынша жоспар 68 пайызға орындалған. Аймақ басшысының тапсырмасы бойынша ауылдық округ әкімдері ауылшаруашылық жерлерін ұтымды пайдалану бойынша атқарылып жатқан жұмыстары туралы тұрақты түрде есеп беріп отырады. Сондай-ақ, аудан әкімдері жауапты басқармалармен бірге ауыл шаруашылығы жерлерінің картасын толықтыру бойынша жұмыс жүргізеді.  
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар