сенбі, 23 қараша, 2024 19:22

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жаздың бір күні - қысқа азық

Жаздың бір күні - қысқа азық
ашық дереккөзі
Жаздың бір күні - қысқа азық
Аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев Қордай ауданындағы жұмыс сапарын Бетқайнар ауылдық округінде орналасқан «Алмаз» шаруа қожалығының  қоймаларын аралаудан бастады. Жұмабек Әшкенұлы жетекшілік ететін қожалық  өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына сүбелі үлес қосуда. Биыл 200 гектарға күздік бидай, 200 гектарға дәндік жүгері, 50 гектарға жаздық арпа және 40 гектарға пияз еккенін айтқан қожалық басшысы бірнеше жылдан бері көкөніс өнімдерін сақтайтын қоймалар салып жатқанын баяндады. – Қазіргі таңда 4 қоймамыз бар. Әрқайсысының сыйымдылығы – 2000-2500 тонна. Өткен жылы өзіміздің және аудандағы басқа да шаруа қожалықтарының пиязын сақтадық. Алдағы уақытта жыл сайын бір қоймадан салып онға жеткізуді жоспарлап отырмыз, – дейді Ж.Әшкенұлы. Бүгінде аудан бойынша көкөніс сақтайтын, жалпы сыйымдылығы 40300 тоннаны құрайтын 32 қойма бар. Аймақ басшысы аудандағы қоймалардың санын арттырып, олардың сыйымдылығын 100 мың тоннаға дейін жеткізуді тапсырды. Бұл азық-түлік бағасының тұрақтандыруда айрықша маңызға ие екенін атап өтті. Қазір облыста 233 көкөніс қоймасы бар, онда 243,4 мың тонна өнім сақтауға болады. Аудандар мен Тараз қаласында қойма саны мен сыйымдылығын еселей түсу бойынша нақты шаралар қабылдануда. Бұдан кейін Бердібек Сапарбаев Степное ауылдық округіне барып, жоңышқа, жүгері алқабын аралады. Ауылдық округте жиын-терін науқаны қызып, қысқы мал азығын қамдау жұмыстары қарқынды жүруде. Ауылдық округ әкімі Жүсіпбек Спанов  шаруашылықтардың егістік алқаптарының басынан тайланған шөптің бір түгі 1300-1500 теңгенің көлемінде сатылып жатқанын айтты. – Қазірден қамданбасаңыздар, қыста зардабын өздеріңіз тартасыздар. Сондықтан арық-атыздардың, өзен-көлдердің жағасындағы шөптің барлығын орып алыңыздар. Одан кейін егіс алқаптарындағы масақтарды да ұқыптап жинап алу керек,– деді Б.Сапарбаев. Аудан әкімдігі ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Әділет Қаспақбаевтың айтуынша, мал қыстауын қалыпты өткізу үшін аудан бойынша 471000 тонна шөп дайындау қажет. Қазіргі таңда оның 70 пайызы дайындалып үлгерген. – Бірінші кезекте мал азығына деген ішкі қажеттілікті қамтамасыз ету мақсатында әрбір ауылдардағы шаруашылықтарға дайындалған жем-шөпті көрші облыстарға сатпау бойынша аудан әкімінің қатысуымен түсіндіру жұмыстары жүргізілген. Ал, қажетті жемшөп қорын дайындауға мүмкіндіктері жоқ жеке қосалқы шаруашылықтарға аудандағы ірі шаруа қожалықтары жеткізіп беруде, –дейді Ә.Қаспақбаев. Сондай-ақ, облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес әр ауылдық округте жұмысшы тобы құрылып, жеке үйлерді зерделеу арқылы кімге қанша шөп жетпейтіні анықталуда екен.  
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар