Жамбыл жаңалықтар
Айыппұлдан жалтару үшін жалған нөмір таққан тараздық қамауға алынды
- авторМағжан Орынбасар
- 24 шілде, 2024
- 719

Ол енді 1 жыл көлік айдай алмайды
Тараз қаласының патрульдік полиция қызметкерлері аумаққа бақылау жүргізу барысында «Lada» маркалы көлігін тоқтатып, заңсыздықтар анықтады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Тексеру кезінде 31 жастағы жүргізушінің көлікті жалған мемлекеттік тіркеу нөмірмен басқарғандығы анықталған. Ол автокөліктің өз нөмірін шешіп алып, бейнебақылау камераларына түсіп қалмау үшін жалған нөмір жапсырып жүрген.
- Ер адам ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 4-бөлігімен (Көлiк құралына көрiнеу жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерiн орнату) әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оған үш тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алу және бiр жыл мерзiмге көлiк құралдарын басқару құқығынан айыру жазасы тағайындалды. Көлік айып тұрағына қойылды,- деді ПД баспасөз қызметі.
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл жаңалықтар
ҚХА-ның 30 жылдығы: Кеңейтілген кеңес отырысы өтті
- авторМағжан Орынбасар
- 15 сәуір, 2025
Жамбыл жаңалықтар
Президент кеңесшісі жамбылдық студенттермен кездесті
- авторМағжан Орынбасар
- 15 сәуір, 2025