сейсенбі, 26 қараша, 2024 1:19

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстан америкалық компаниямен дауда жеңіске жетті

Қазақстан америкалық компаниямен дауда жеңіске жетті
ашық дереккөзі
Қазақстан америкалық компаниямен дауда жеңіске жетті
«2022 жылғы 25 наурызда 460,1 млн АҚШ доллары сомасына «Big Sky Energy Corporation» («Big Sky») мұнай компаниясы берген талап арыз бойынша Қазақстан Республикасының пайдасына шығарылған төрелік шешім күшіне енді. Инвестициялық дауларды реттеу жөніндегі халықаралық орталықтың трибуналы Big Sky мұнай компаниясының Қазақстан Республикасына қарсы барлық талап-арыз талаптары бойынша бас тартып, қорғауға жұмсалған төрелік шығындар үшін Қазақстан Республикасына шамамен 575 мың АҚШ доллары көлемінде өтемақы төлеу туралы шешім шығарды. Апелляцияның мерзімі 2022 жылдың 24 наурызында аяқталғанын және Big Sky осы шешімнің күшін жою туралы өтініш білдірмегенін ескере отырып, төрелік енді аяқталды деп саналады», - делінген министрліктің ақпаратында. Айта кетерлігі, төрелік процесс барысында Big Sky компаниясы мемлекетпен байланысы жоқ үшінші тұлғалармен жеке келісімшарттарды орындауға байланысты 460,1 млн АҚШ доллары сомасында елеулі залалды Қазақстан Республикасынан өндіріп алуға тырысқан еді. Бұл істе еліміздің мүддесін Әділет министрлігі «Reed Smith LLP» заң фирмасымен бірлесіп сәтті қорғады. «Төрелік трибуналдың шешімі Қазақстан Республикасының негізделген ұстанымын толық растайды. Қазақстан Республикасының осы және басқа да табыстары төрелік талқылауларда мемлекеттің мүдделерін қорғау жөніндегі тиімді стратегияны қамтамасыз ету бойынша ұзақ жылдар бойы жинақталған ауқымды тәжірибені куәландырады. Big Sky әлі күнге дейін Қазақстан Республикасына оған берілген, мемлекеттік бюджетке аударылуы тиіс шығыстарды төлемеген. Қазақстан Республикасы шығыстардың өтемін беру жөніндегі шешімді орындау жөнінде тиісті қадамдар жасайды. Әділет министрлігі тиісті құқықтық тетіктерді пайдалана отырып, шетелдік төреліктерде мемлекеттің мүдделерін білдіру жөніндегі жұмысты жалғастырады», - деді осы шешімге қатысты түсініктеме берген Әділет министрі Қанат Мусин.  
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар