бейсенбі, 24 қазан, 2024 1:39

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Таразда маска киген екі жігіт дәріханашыға тапанша кезеніп, кассадағы ақшаны алып кеткен

Таразда маска киген екі жігіт дәріханашыға тапанша кезеніп, кассадағы ақшаны алып кеткен
ашық дереккөзі
Таразда маска киген екі жігіт дәріханашыға тапанша кезеніп, кассадағы ақшаны алып кеткен
25 наурыз сағат 22.30 шамасында Тараз қаласындағы мөлтекаудандардың бірінде орналасқан дәріханаға 20-25 жастағы медициналық бетперде киген екі белгісіз адам басып кірген. Олар тапаншаға ұқсас затпен фармацевтерді қорқытып, олардың алдындағы шыны витринаны сындырып, 37 000 теңге көлеміндегі ақша қаражатын иемденіп кеткен. Содан соң оқиға орнынан белгісіз бағытта бой тасалаған. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 192-бабы 3-бөлігі 4-тармағымен (бір топ адамдардың алдын ала сөз байласып, қаруды немесе қару ретінде пайдаланылатын заттарды қолданып, өндірістік үй-жайға заңсыз кірумен жасалған қарақшылық) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Полицияның барлық жеке құрамы күдіктілерді іздестіруге және ұстауға бағытталды, полиция бөлімдеріне аталған адамдардың белгілері бар бағдарлар жіберілді.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар