Қазақстан мен Өзбекстан қатынасы өзара түсіністікпен ерекшеленеді
- авторjambylinfo.kz
- 15 шілде, 2021
- 290
Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Өзбекстан Республикасы Премьер-Министрінің кеңесшісі Мехриддин Хайриддиновпен кездесу өткізді.
Басқосуда аймақ басшысы екі ел арасындағы қарым-қатынастың прогрессивті сипатына тоқталды.
- Қазақстан мен Өзбекстанның қарым-қатынасы жоғары деңгейдегі сеніммен және өзара түсіністікпен ерекшеленеді. Біздің халқымызды ортақ тарих пен мәдени құндылықтар біріктіреді. Қазіргі кезде елдер түрлі салалардағы ынтымақтастықты белсенді дамытуда. Біз осы бағыттағы жұмысты жалғастыруымыз керек, - деді Бердібек Сапарбаев.
Мехриддин Хайриддинов Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға сенім білдірді.
Бүгінде облысымызда 30 мыңға жуық өзбектер тұрады. Өңірде екі ірі өзбек этномәдени бірлестігі бар. Кездесуге сол қауымдастықтардың жетекшілері Бахром Муминов пен Абдурахман Зайнутдинов те қатысты.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз