жексенбі, 24 қараша, 2024 23:42

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Әрбір тамшы судың реттелуі бақыланады

Әрбір тамшы судың реттелуі бақыланады
ашық дереккөзі
Әрбір тамшы судың реттелуі бақыланады

Бүгінде судың жетіспеушілігі бүкіл Орталық Азияда — Сырдария бассейнінде, Шу-Талас бассейнінде және Іле өзенінде байқалады.

ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің вице министрі С. Қожаниязов бастаған жұмыс тобы көршілес Қырғызстан Республикасының өкілдерімен жұмыс кездесуі барысында жоғарыда аталған келісімдердің орындалуы туралы ойларын ортаға салды.  Сондай-ақ, Шу өзенінің бассейні бойынша су өткізу кестесі туралы келіссөздер жүргізілді. Қазіргі уақытта Георгиевка магистралды каналы арқылы су секундына 9,8 текше метрден 12 текше/сек дейінгі көлемде келеді. Кездесуде қырғыз тарапымен енді Георгиевка магистралды каналы арқылы тұрақты 13 текше/сек. су өткізетіні туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Шу өзені бойынша су жағдайы жақсарған жағдайда көлемі ұлғайтылады.

Сонымен қатар, Серік Қожаниязов Меркі, Қордай, Жамбыл және Байзақ аудандарында болып, шаруашылық өкілдерімен жеке кездесіп, өңірді сумен қамту бағытындағы жұмыс туралы пікір алмасты.

Жамбыл облысында келер жылы 7 жаңа су қоймасы салынады деп жоспарлануда. Соның арқасында 34 мың гектардан астам суармалы жерді қайта қалпына келтіруге болады. 2025 жылға дейін елді мекендердегі су арналары жаңартылады. Бұл шағын кәсіпкерліктің дамуына серпін береді.

Осы орайда С.Қожаниязов су ресурстары саласының мамандарымен және қазіргі күнгі су шаруашылығы нысандарын жөндеуді жүзеге асырушы жергілікті компаниялардың  өкілдерімен де кездесіп, қалыптасқан жағдай мен алдағы жоспарларды талқылады.

Аталмыш кездесулердің қорытындысында экология, геология және табиғи ресурстар вице министрі С.Қожаниязов облыс басшысы Б.Сапарбаевпен кездесіп, жүзеге асырылған жұмыс нәтижелері туралы баяндады.

«Мақсатымыз – әрбір тамшы судың реттелуін бақылау. Судың азаюы тек біздің ел емес, көршілес мемлекеттерге де зардабын тигізіп отыр. Экологияға да, егінге де зиян тимеу үшін өзен суының қалыптылығын сақтау мақсатында үкімет пен облыс әкімдігі деңгейінде жан-жақты шаралар қабылдануда», – деп атап өтті Бердібек Сапарбаев.

 

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар