сейсенбі, 7 сәуір, 2026 13:27

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстанда баламасы жоқ: Ботамойнақтағы бірегей зауыт не өндіреді?

Қазақстанда баламасы жоқ: Ботамойнақтағы бірегей зауыт не өндіреді?
Видеодан скрин жасалды
Бұл туралы Байзақ ауданы әкімдігі мәлім етті.

Жамбыл облысы Байзақ ауданына қарасты Ботамойнақ ауылдық округінде «AsyaFert» ЖШС бұршақ дақылдары мен жүнді терең өңдеуге бағытталған ауқымды инвестициялық жобаны жүзеге асыруда, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Аталған жоба Қазақстан Республикасында баламасы жоқ және Байзақ ауданында іске асырылып жатқан алғашқы болып саналады.

Жобаның жалпы аумағы – 1 гектар. Кәсіпорынның жобалық қуаты жылына 5 мың тонна бұршақ өңдеуге есептелген. Жобаның жалпы құны 290 млн теңгені құрайды. Оның ішінде 200 млн теңге – 2,5% мөлшерлемемен алынған несие қаражаты, ал 90 млн теңге – кәсіпорынның жеке қаражаты.

Қазіргі таңда жоба аясында нақты жұмыстар жүргізілуде. «Агрохолдинг Aspan» АӨК-пен бірлесіп 36 гектар алқапқа бұршақ дақылы егілген. Сонымен қатар, 3 дана тіркемелі бұршақ жинайтын комбайн сатып алынған.

Бұршақ тұқымы Мексика елінен әкелінген Red Kidney (Рэд Кидней) сорты болып табылады. Өнімділігі 5–7 т/га болса, қазіргі таңда орташа түсім 4–4,5 т/га деңгейінде. Жалпы 300 гектар алқапқа егіс жүргізілген. Өнімнің нарықтағы бағасы шамамен 1500 АҚШ долларын (802 500 теңге) құрайды. Қытай Халық Республикасымен келісімшарт жасау жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар, «Тараз» ӘКК арқылы бұршақ және жүнді терең өңдеу бағытына 100 млн теңге көлемінде қаржы тартылған.

Бұдан бөлек, «ANS-Plast» ЖШС суару жүйелеріне арналған спринклерлік жабдықтар өндірісін кеңейту жобасын жүзеге асыруда. Кәсіпорынның жылдық өндірістік қуаты 350 млн теңгені құрайды.

Қазіргі таңда қажетті жабдықтар сатып алынып, бұршақ өңдеу зауытының құрылыс жұмыстары басталды. Атап айтқанда, жер жұмыстары жүргізіліп, қазаншұңқырлар қазылып, іргетасы құйылуда.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар