Жамбыл жаңалықтар
«ҚазАвтоЖолға» нұсқама: Жамбылда жол қауіпсіздігін қамтамасыз етпеген мердігерлер жауапқа тартылды
- авторМағжан Орынбасар
- 13 мамыр, 2024
- 415
Оларға 10 әкімшілік хаттама толтырылды
Жамбыл облысы полиция департаментінің қызметкерлері облыс аумағын қамтитын республикалық маңызы бар автокөлік жолдарына көктемгі кешенді тексеріс жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Полиция департаменті мәлімдегендей, тексеріс қортындысымен «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының Жамбыл облыстық филиалына анықталған ақаулықтарды жою үшін 15 нұсқама берілген.
Сондай-ақ, республикалық маңызы бар автожолдарда жөндеу жұмыстарына және күтіп-ұстауға жауапты мердігер мекемелерге қатысты жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етпегені үшін 10 әкімшілік хаттама толтырылған.
Келесі мақала