жұма, 22 қараша, 2024 7:12

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Нүкеновтар отбасының адвокаты Игорь Вранчев кезінде Бишімбаевтың адвокаты Ғазымжановты қорғаған

Нүкеновтар отбасының адвокаты Игорь Вранчев кезінде Бишімбаевтың адвокаты Ғазымжановты қорғаған
Коллаж: jambylinfo.kz
Ерлан Ғазымжанов бір рет адвокаттық лицензиясынан айырылғаны белгілі болды

Игорь Вранчев Қазақстанның бұрынғы әділет министрі Марат Бекетаевтың тұсында еліміздің адвокатура институты құрдымға кеткенін айта келе, адвокат Аманжол Мұхамедияров пен Ерлан Ғазымжановтың лицензияларынан айырылуына судьяның біліксіздігі себеп болғанын айтады.. Бұл туралы ол «Одноко» подкастында айтты, деп жазады jambylinfo.kz.

Вранчевтың айтуынша, Аманжол Мұхамедияровтың адвокаттық лицензиясын қайтарып беруге мүмкіндік болған. Ал Ғазымжановты бір емес, бірнеше адвокат қорғағанына қарамастан, оның адвокаттық лицензиясын кері қайтару мүмкін болмаған. 

«Ел айтып жүргендей, Ғазымжанов істі болмаған. Сот барысында біз оны ақтай алмадық. Ерлана  Республикалық Адвокаттар Коллегиясына қайта алыну үшін іс-тәжірбиеден өтіп, лиценциясын қайта алды», - деді ол. 

 

Индира Тәліпқызы
Автор

Индира Тәліпқызы

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар