жұма, 22 қараша, 2024 7:35

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Бүгінгі таңда судан келер қауіп жоқ». ТЖД өкілі Жасөркен ауылындағы қазіргі жағдай туралы айтты

«Бүгінгі таңда судан келер қауіп жоқ». ТЖД өкілі Жасөркен ауылындағы қазіргі жағдай туралы айтты
Жасөркен ауылы. Фото - Jambylinfo.kz
Күні кеше толассыз жауған жаңбыр мен көлбеу ағындардың пайда болуы салдарынан Жамбыл ауданындағы Жасөркен ауылында 30-дан астам ауланың аумағы су астында қалды. Бүгін облыстық ТЖД бастығының орынбасары ауылдағы жағдай туралы баяндады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

ТЖД бастығының орынбасары Руслан Орынбековтың сөзінше, қазір оқиға орнында  қажетті техника жұмылдырылып,  су сорылып жатыр.

«Кешегі қалыптасқан жағдай бойынша  бүгінгі таңда Жасөркендегі ахуал қалыпқа түсті. Қазіргі таңда аулаларға және арықтарға ағын сумен ағып келген күл-қоқыстарды тазалау және аулалардағы суларды сору жұмыстары аяқталуға жақындады. Бүгінгі күнге тау суынан және басқа да сулардан келетені қауіп жоқ»,- деді Руслан Орынбеков.

Айта кетейік, Жамбыл облысының барлық су қоймалары штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Олардың толып кету қаупі жоқ. Облыс әкімдігінің баспасөз қызметіаймақтағы  барлық су қоймалары штаттық режимде жұмыс істейтінін, олардың толып кету қаупі жоқ екенін растап отыр.

Тағы бір айта кетерлігі, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың су тасқыны салдарынан қалыптасқан ауыр жағдайға байланысты үндеуінде су тасқынымен күресуге Төтенше жағдайлар министрлігінің барлық ресурсы тартылғанын айтқан еді.

«Су тасқынымен күресуге Төтенше жағдайлар министрлігінің барлық ресурсы тартылды. Сондай-ақ құтқару жұмыстарына Ішкі істер министрлігі, Ұлттық ұлан, Қарулы Күштер және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мамандары белсене атсалысып жатыр. Зардап шеккен аймақтардың әкімдіктері күндіз-түні жұмыс істеуде. Ондаған мың волонтер де көмектесіп жүр. Жағдай өте күрделі болса да, біз қиындықты міндетті түрде еңсереміз, барлығын қалпына келтіреміз. Ең бастысы – азаматтардың амандығы», деген еді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сондай-ақ Президент өз сөзінде апаттардың алдын алу жұмысындағы кемшіліктен бастап, су шаруашылығы мамандарының тапшы болуы, табиғатқа немқұрайлы қарауға дейін көп мәселені реттеу қажет екенін айтып, Үкімет және жергілікті атқарушы органдар су тасқынымен күресті тиімді үйлестіріп отыруға тиіс екенін жеткізген еді.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар