«Банкет өтпейді». Биыл Жамбылда соңғы қоңырау салтанатты түрде соғылмайды
- авторМағжан Орынбасар
- 30 сәуір, 2024
- 2.7k
Биыл Жамбыл облысында соңғы қоңырау тойланбайды. Жылда болатын түлектердің банкет, ұзын-сонар шеру ұйымдастыруына, тіпті фотостудия мен мерекелік кеш ұйымдастыратын агенттік жалдауына тыйым салынады. Мектеппен қоштасу сәті сынып сағатымен тәмамдалады. Бұл туралы облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Ләззат Қызылқұлова айтты, деп жазады jambylinfo.kz.
Биыл 9 және11 сынып оқушылары мектеппен партада отырып қоштасады. Салтанатты сәтті су тасқынына байланысты тойлауға тыйым салынған. Білім басқармасы басшысының орынбасары Ләззат Қызылқұлованың сөзінше, бұл күндері қадағалау күшейеді.
"Еліміздің кейбір аймақтарындағы су тасқынына байланысты қалыптасқан жағдайды ескере отырып және 25 мамырдың демалыс күніне сәйкес келуіне байланысты 24 мамыр күні барлық мектептерде 2023-2024 оқу жылының аяқталуына арналған сынып сағаты ұйымдастырылады. Бірыңғай сынып сағаты аясында сынып жетекшілері оқушылармен бірге өткен оқу жылын қорытындылайды", - деп хабарлады ол.
Сонымен қатар, жылдағыдай мұғалімге құшақ-құшақ гүл сыйлау, одан қалса таңды қарсалатын думанды кештер де болмайды.
"9-11 сынып түлектерінің қауіпсіздігін және емтихандарға сапалы дайындығын қамтамасыз ету мақсатында ақша жинауға, салтанатты іс-шаралар, банкеттер ұйымдастыруға, автомобильдермен қыдыруға, мерекелік кеш ұйымдастыратын агенттіктерді, жеке студияларды жалдауға, мектеп әкімшілігіне, педагогтарға сыйлыққа ақша жинауға тыйым салынады",- деді Ләззат Қызылқұлова.
Таразда этномәдени бірлестіктердің көрмесі өтті
Ұқсас жаңалықтар
«Ауыл аманаты»жобасы аясында 4 мыңнан астам жоба қаржыландырылды
- авторМағжан Орынбасар
- 21 желтоқсан, 2024
Облыста 16 ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылуда
- авторМағжан Орынбасар
- 21 желтоқсан, 2024