жексенбі, 29 қыркүйек, 2024 10:27

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Бас мүфти Аққұмда қос үйдің кілтін тапсырды

Бас мүфти Аққұмда қос үйдің кілтін тапсырды
ашық дереккөзі
Бас мүфти Аққұмда қос үйдің кілтін тапсырды
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы өңірімізге жұмыс сапары барысында Талас ауданының шалғай ауылдарының бірі — Аққұмда Төлебай Таңғатарұлы атындағы мешіттің бас имамына қызметтік баспана кілтін тапсырды. Айта кету керек, бұл игі іс діни басқарма мен "Зекет" қорының "Ел үлесі - пәтерге" жобасы аясында жүзеге асып отыр. Демеушілердің қолдауымен тұрғызылған бұл үйде өзге де діни қызметтер ұсынылады.  width= Осы күні аққұмдық тағы бір отбасы қоныс жаңартты. Жары өмірден озып, кәмелеттік жасқа толмаған төрт жеткіншекті өсіріп отырған әкенің жағдайы ауыл тұрғындарын алаңдатқан. Сондықтан да облыс әкімінің бастамасымен қолға алынған "Асарлатып үй салу" жобасы аясында тұрмысы төмен, толық емес отбасыға жаңа баспана салып берді.  width= Жалпы, мұндай ізгі шаралар мемлекеттің қаражаты жоқтығынан болып жатпағанын түсінуіміз керек. Біз тек ұлттық болмысымызды жоғалтпауымыз қажет. Құндылықтарымызды ұлықтағанымыз абзал. Бабаларымыздың асар деген игі амалын жаңғырту ниетінен бастау алған жоба бұл. Айта кетерлігі, "Асарлатып үй салу" бойынша өңірде 123 баспананың іргетасы қаланды. Оның 20-сының кілті бүгінде иесіне тапсырылды. Ал Талас ауданы аумағындағы 9 ауылдық округте көпшіліктің көмегімен 10 үй пайдалануға беріледі. Қазіргі таңда соның екеуінің соңғы шегесі қағылды. Қуаныштар барысында ауылға бір оттегі концентраты беріліп, бірнеше отбасыға қайырымдылық көмек көрсетілді. [video width="1280" height="720" mp4="https://jambylinfo.kz/wp-content/uploads/2020/11/bygin-onirimizge-qazaqstan-mwsylmandary-dini-basqarmasynyn-tora-72Ңp-.mp4"][/video] Өз кезегінде баспаналы болған азамат жомарт жүрек жандарға ақжарма тілектерін арнауда. [video width="848" height="480" mp4="https://jambylinfo.kz/wp-content/uploads/2020/11/vid-2Ң2Ң11Ң4-waҢҢ44.mp4"][/video]
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар