Жамбыл жаңалықтар
Жамбылдық полицейлер Қызыл кітапқа енгізілген бірқазанды құтқарды
- авторjambylinfo.kz
- 4 қараша, 2020
- 583
Жамбылдық полицейлер Қызыл кітапқа енгізілген бірқазанды құтқарды
Жамбыл облысында полицейлер Қызыл кітапқа енгізілген бірқазанды құтқарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2 қараша күні сағат 11: 00-де Жуалы аудандық полиция бөліміне Дихан ауылының шетіндегі жырада үлкен ерекше құстың ұшып кете алмай тұрғандығы жөнінде хабарлама келіп түскен.
Аталған жерге келген полиция қызметкерлері жыра бойынан өте әлсіз және өздігінен ұшып кете алмайтын дәрменсіз бірқазанды көрген. Бірқазан жойылып бара жатқан құс ретінде Қызыл кітапқа енгізілген.
Жуалы ауданының орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінен шақырылған мамандардың келуін күткен полиция қызметкерлері сирек кездесетін құсты аңдыған иттерден қорғады.
Құтқарылған құс жуық арада Шымкент қаласының хайуанаттар бағына жіберіледі.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл жаңалықтар
«Тәуелсіздік шежіресі» атты танымдық мәдени кеш ұйымдастырылды
- авторМағжан Орынбасар
- 12 желтоқсан, 2025
Жамбыл жаңалықтар
Жамбылда ауыл шаруашылығы басқармасына жаңа басшы тағайындалды
- авторМағжан Орынбасар
- 12 желтоқсан, 2025






