Қоғам
Тұңғыш ұйымдастырылған байқаудың қорытындысы белгілі болды
- авторjambylinfo.kz
- 4 қараша, 2020
- 274
Тұңғыш ұйымдастырылған байқаудың қорытындысы белгілі болды
Жақында облыс әкімінің бастамасымен «Үлгілі ауыл» өңірлік байқауы жарияланып, оған әр ауданнан үлгіліге үмітті ауылдар қатысқан болатын. Ауылдың экономикасының өсуі, тұрғындарының ынтымағы мен бірлігі, жастардың білімі мен тәртібі, ауыл тазалығы мен мәдениеті, бұқаралық спорттың дамуы, ауыл жұртының бос уақытын тиімді пайдалануы мен ақсақалдардың белсенділігі сынға түскен байқау қорытындысы бойынша Қордай ауданындағы Кенен ауылы үздік шығып, бірінші орынды иеленді. Үздікке үмітті облыстағы барлық ауданды арнайы құрылған жұмысшы топ осыдан біраз уақыт бұрын аралап, өзара екшелеген еді. Енді міне, Қордайдағы киелі Кенен ауылы осы атаққа лайық деп танылды. Байқау аясында арнайы құрылған жұмысшы топтың қорытынды хаттамасына сәйкес жеңімпазды облыс әкімінің орынбасары Ерлан Жылқыбаев атап өтіп, бірінші орынды иеленген ауылды және өзге де жүлдегер атанған округтерді ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай марапаттауды ұйымдастырушыларға тапсырды. Айта кетерлігі бірінші орынның жүлде қоры 5 миллион теңге.
Ел арасында киелі ауыл атанған Кенен үлгілі ауылға әбден лайықты десек артық айтпаспыз. Өнерлі ауылдың бір-бірімен туғанындай араласатын тұрғындарының ауызбіршілігі әрдайым ел аузында. Қазақи дәстүрді жоғалтпай, салтын сақтаған ауылдардың бірегейі. Табиғатына сән берген Қордай асуының етегі мен таза ауасы.
Бүгінде киелі ауылдың тұрғындары мал шаруашылығы мен егінді кәсіп еткен. Жазды күні жайлауда, қысты күні қойлы ауылда қойын бағып, егінін орып, ауданның ауыл шаруашылығы саласының дамуына қомақты үлесін қосуда.
Мұнда ауыл тұрғындарына қажеттінің бәрі бар. Салынғанына көп болмаған су жаңа екі қабатты мектеп, көздің жауын алатын ауылдық мәдениет үйі. Балалардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында іске қосылған балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы. Спорттық алаңдар мен жаңа салынған ауылдық амбулатория және ақын атаның мұражайы тағы бар. Көп ұзамай кенендіктер «көгілдір отынның» қызығын көрмек. Бүгінде газдың ауылішілік желілері тартылып тасталған. Сондай-ақ, жаңа ауыз су жүйесі жүргізілуде. Сал серілердің соңғы тұяғы деп аталатын Кенен Әзірбаевтың мұнда үлкен мұражайына еліміздің әр аймағынан саяхаттап келушілер көп. Мұражайға алыс-жақыннан жылына бес мыңнан астам адам келеді. Ауылда су жаңа дәрігерлік амбулатория, «Еркем-ай» мен «Алтын бесік» атты балабақша жұмыс жасайды. Ауылдық Мәдениет үйінің жұмысы оңды жолға қойылған. Қос қабаттан тұратын ғимаратта ауыл өнерпаздарының жұмысы қызу. Мұнда әжелер ансамблі, вокал, қолөнер сынды өзгеде үйірмелер жұмыс жасайды. Ал, балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығында жас буынды өнер мен спортқа баулуды білікті мамандар қолға алған.
Округтің эконмоикалық көрсеткіштерді және инфрақұрылымды дамуы да жаман емес. Бүгінде ауыл ішіндегі газдандыру жүйелерін жүргізу қарқын алса, ауылішілік су құбырларын жүргізу аяқталуға таяу. Ауыл шарулары мал басын өсіріп, диқандары жаңа техникаларды иегуде. Ол үшін субсидиямен алынған түрлі жаңа техникаларды байқауға болады.
Облыс бойынша үздік атанған Кенен ауылын құттықтаймыз.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
АҚШ-тағы сайлау: Кім жеңеді?
Ұқсас жаңалықтар
Қоғам
«Заң және тәртіп»: Жуалыда прокурорлар жастармен кездесу өткізді
- авторjambylinfo.kz
- 20 желтоқсан, 2024
Қоғам
Енді мұғалімдерді балағаттағандар қомақты айыппұл арқалайды
- авторjambylinfo.kz
- 18 желтоқсан, 2024