жексенбі, 29 қыркүйек, 2024 18:30

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Бірлікті нығайтқан бостандық

Бірлікті нығайтқан бостандық
ашық дереккөзі
Бірлікті нығайтқан бостандық
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасына орай «Туған жер» арнайы жобасы мен «Асарлатып үй салу» жобасы аясында ауданымыздың тағы бір тұрғыны баспаналы болды. Бостандық ауылының тұрғыны, әлеуметтік аз қамтылған отбасы санатындағы Дина Жайлауова баспаналы болып, қуанышқа кенелді. Қоныс тойында үйдің кілтін аудан әкімі Бақыт Алпысбайұлы Қазанбасов табыс етті. Демеушілердің көмегімен жаңа қоныс иесіне жиһаз бен тұрмыстық техникалар да тарту етілді. Бүгін осындай үлкен үй салып беруге атсалысқан аудан, ауылымыздың басшыларына, ақсақалдары мен жастарына, кәсіпкерлерге, барлық ауылдастарыма алғысым шексіз. Ынтымақ-бірлігіміз ажырамасын. Қиын-қыстау кезде осындай қолдау көрсетіп жатқан баршаңызға Алланың нұры жаусын,- деді қуанышын жасыра алмаған жаңа қоныс иесі Дина Жайлауова. «Асарлатып үй салу» жобасы аясында сырты қоршаумен қоршалып, заманауи үлгіде соғылған төрт бөлмелі үйдің құны 2 миллион 500 мың теңге болды. Төрт бөлмелі үйдің құрылысын ауыл жастары тура бес айдың ішінде бітіріп берді. «Келісті атаның жолы-кейінгіге үлгі»,- демекші жақсы істі жаңғыртып, жалпының жанын жадыратқан «Асар» ісі -ағайынның арасын нығайтуға, әлсізді демеуге үлкен себепкер, ел арасына тың ой салған игілікті іс болды. talas-tinisy
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар