бейсенбі, 26 желтоқсан, 2024 20:20

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қаржы министрі АИИБ індет аясында қаражат бөлетінін айтты

Қаржы министрі АИИБ індет аясында қаражат бөлетінін айтты
ашық дереккөзі
Қаржы министрі АИИБ індет аясында қаражат бөлетінін айтты
Мәжілістің жалпы отырысында "Қазақстан мен Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді ратификациялау туралы" заң жабасы мақұлданды
"2020 жылғы 13 тамыздағы №386 ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес 661 млн 800 мың еуро сомасындағы Қазақстан Республикасы мен Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімге қол қойылды. Қарыз бюджет тапшылығын қаржыландыруға бағытталатын болады. Яғни COVID-19 пандемиясының салдарына қарсы күрес және экономиканы қалпына келтіру бойынша ҚР Үкіметінің шараларын қолдауға мүмкіндік береді. Қарыз 3 жылдық жеңілдікті кезеңді қоса алғанда, 10 жыл өтеу мерзіміне беріледі. Сыйақы мөлшерлемесі ‒ Еурибор+0,50%", деді Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев. Келісімде белгiленген қаржылық шарттарға сәйкес, қарызға қызмет көрсету және оны өтеу республикалық бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын болады. "Көрсетілген қаражатты тарту бюджеттің бекітілген тапшылығы жағдайында өте маңызды болып отыр. Бұл қаражат Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкінің пандемияға қарсы күрес жөніндегі арнайы бағдарламасы аясында Қазақстан Республикасы үшін резервтеліп қойылған", деді министр.
egemen.kz
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар