Биыл Жамбыл ауданында 15,2 шақырым жол жөндеуден өтеді
- авторСадуақас Айсұлу
- 13 шілде, 2025
- 506
Жамбыл ауданында 13 ауылдық округтегі 31 елді мекенде жалпы ұзындығы 301,6 шақырымды құрайтын 375 көше мен бұрылыстар бар, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Ағымдағы жылы ауылішілік жолдарды жөндеу бойынша ауданда 15 жоба іске асырылмақ. Бұл жобалар арқылы 14 көше мен 5 бұрылыс, яғни 15,2 шақырым жол жөндеуден өтеді. Оның 6 жобасы аудандық бюджет есебінен жүзеге асса, 9 жоба «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында қолға алынған.
Биыл Жамбыл облысында жалпы автомобиль жолдарын дамытуға 28,6 млрд. теңге бөлініп, құрылыс, қайта жаңғырту және жөндеу жұмыстарымен 470,3 шақырым жол қамтылады.
Бүгінге 45 жоба бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Нәтижесінде жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар автожолдар үлесі 99,5%-ға, ал көше-жол желісі - 89%-ға жеткізіледі.
Ұқсас жаңалықтар
Президент Жолдауы: Облыс әкімдігінде жиын өтті
- авторМағжан Орынбасар
- 4 желтоқсан, 2025






