жұма, 5 желтоқсан, 2025 13:56

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

2025 жылғы оқу гранаттары: абитуриенттерге қатысты маңызды ақпарат

2025 жылғы оқу гранаттары: абитуриенттерге қатысты маңызды ақпарат
Фото: gov4c.kz
Талапкерлер eGov.kz порталында грантқа өтінішті 20 шілдеге дейін бере алады.

  Қазақстанда 2025 оқу жылының білім беру гранттарын тағайындау конкурсына өтінім қабылдау 13 шілдеде басталады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz  kaz.zakon.kz cілтеме жасап.

Өтінімдер eGov.kz электрондық үкімет порталы арқылы онлайн форматта қабылданады.

 Өтінім беру мерзімі:

Басталуы: 13 шілде, сағат 09:00

Аяқталуы: 20 шілде, сағат 18:00

2024 жылы конкурсқа 104 мыңнан астам өтінім қабылданған, оның ішінде 5 мыңнан астамы онлайн форматта тапсырылған. Бұл электронды форматқа деген қызығушылықтың артқанын көрсетеді.

 Қажетті құжаттар (скан нұсқалары):   Білім туралы құжат (аттестат/диплом);   3х4 фотосурет;   Қажет болса, медициналық қорытынды;

Әлеуметтік қолдауға өтініш берген жағдайда – тиісті мәртебені растайтын құжаттар (мысалы, ата-анасының қайтыс болуы туралы куәлік, мүгедектік анықтамасы, жетімдік мәртебесі және т.б.).

 Қызметті қалай алуға болады:

eGov.kz порталына кіріп, авторизациядан өту;

«Азаматтарға» → «Білім беру» → «Жоғары білім» бөлімін таңдау;

«Білім беру гранттарын тағайындау...» қызметін таңдау;

Онлайн тапсырыс беріп, өтінімді ЭЦҚ немесе бір реттік құпиясөзбен растау;

Жеке кабинеттегі өтінім мәртебесін қадағалау.

  Жаңа мүмкіндік – күту парағы:
Пайдаланушылар порталдағы электрондық кезекке тіркеліп, SMS-хабарлама арқылы өз кезегі жақындағанын біле алады. Ол үшін «Кезек туралы SMS-хабарлама жіберу» жалаушасын белгілеу қажет. 

 Қызмет нәтижесі:
Білім беру грантын тағайындау туралы электрондық куәлік. Ол 2025 жылғы 5 тамыздан кешіктірілмей eGov.kz порталындағы жеке кабинетте қолжетімді болады.

Бұл қызмет ҚР Цифрлық даму, Ғылым және жоғары білім министрліктері және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ бірлесіп жүзеге асырған жаңғырту аясында қолжетімді болды.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар