Биыл жамбылдық шаруалар қанша өнім жинады
- авторjambylinfo.kz
- 19 қыркүйек, 2024
- 411
Жамбыл облысында күзгі жиын-терін науқаны басталып, шаруалар дәнді-дақылдар мен бақша өнімдерін қамбаға түсіріп жатыр , деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Биыл Мемлекет басшысының ауыл шаруашылығы дақылдарын әртараптандыру жөніндегі тапсырмасына сәйкес және аграрларды вегетациялық кезеңде суармалы сумен қамтамасыз етуде туындайтын проблемаларды ескере отырып, ылғал көп қажет ететін дақылдар алқаптарын қысқарту бойынша жұмыстар жүргізілген. Осылайша ағымдағы жылы көктемгі дала жұмыстарының барысында, облыста 144,4 мың гектар жер жыртылып , 323,6 мың гектар алқап өңделген. Сондай-ақ жаздық дақылдарға қажетті 44,8 мың тонна тұқым көлемі толық дайындалып, себілген.
- Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары С.М. Жұманғаринның 2023 жылғы 29 қарашадағы ауыл шаруашылығы статистикасы жөнінде өткен кеңестің «деректерді нөлге келтіру бойынша» тапсырмасына сәйкес тиісті жұмыстар атқарылып, нақты 2024 жылдың өнімі үшін 4 а/ш статистикалық есебі бойынша 626,7 мың гектар алқапқа ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылды. Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері (бұдан әрі – АШТӨ) 614,5 мың га, ал жеке шаруашылықтар 12,2 мың га алқапты құрады. Оның ішінде (АШТӨ), дәнді және дәнді бұршақты дақылдар – 365,1 мың га, майлы дақылдар – 32,8 мың га, қант қызылшасы – 11,2 мың га, картоп – 4,6 мың га, көкөніс – 20,3 мың га, бақша дақылдары – 4,9 мың га, мал азығы дақылдары – 175,3 мың га алқапқа егілді,- деді ауыл шаруашылығы басқармасының баспасөз хатшысы.
Сонымен қатар 415,4 мың гектар алқапқа 83,1 мың тонна минералды тыңайтқыштарды ендіру жоспарланған. Бүгінгі күні 1030 ауыл шаруашылығы тауарларын өндіруші субъектілері тарапынан 62,3 мың тн минералды тыңайтқыш алынып, 311,4 мың гектар алқапқа ендірілген.
- Егін жинау науқанының есептік кезеңінде, масақты дәнді дақылдар 352,9 мың гектар орылып, 586,4 мың тонна дән бастырылды. Оның ішінде бидай - 165,1 гектардан 291,5 мың тонна, арпа – 294,9 мың гектардан 301,5 мың тонна. Одан бөлек, картоп 2,8 мың гектар алқаптан 60,3 мың тонна, майлы дақылдары 5,5 мың гектардан 3,9 мың тонна, көкөніс дақылдары 9,1 мың гектардан 217,5 мың тонна, бақша дақылдары 4,9 мың гектардан 132,6 мың тонна, ал қант қызылшасы 292 гектардан 21,0 мың тонна өнім алынды. Осы орайда айта кететіні, «Меркі қант зауыты» ЖШС-іне таза салмақта 18,9 мың тонна өткізілді,- деді Тұңғыш Жанұзақов.
Маманның сөзінше, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері тарапынан электрондық түрде 1 744 өтінім қабылданған. Осылайша ағымдағы жылғы көктемгі дала жұмыстары үшін 10,8 мың тонна жанар-жағармай бөлінген.
- Ауыл шаруашылығы жұмыстарына мұнай өнімдерін бөлудің өңірлік операторларын айқындау қағидаларын, сондай-ақ көктемгі егіс және егін жинау жұмыстары кезеңінде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер үшін мұнай өнімдерінің көлемдерін қалыптастыру және бөлу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2023 жылғы 13 сәуірдегі № 137 бұйрығына сәйкес, 2024 жылғы көктемгі дала жұмыстарын жүргізу үшін кепілдендірілген дизель отынына ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері тарапынан электрондық түрде 1 744 өтінім қабылданды. Нәтижесінде, ағымдағы жылғы көктемгі дала жұмыстары үшін 10,8 мың тонна жанар-жағармай бөлінді. Ағымдағы жылғы көктемгі дала жұмыстарына мемлекет тарапынан бөлінген дизель отынын тарату үшін 7 өңірлік таратушы операторлар айқындалып, тарату бағасы 1 литр дизель отыны үшін 250 теңгені құрады,- деді басқарма маманы.
Айта кетейік, көктемгі дала жұмыстары үшін бөлінген көлемнің 10,5 мың тонна жеңілдетілген дизель отынына операторлар тарапынан қаражат төленіп, 8,6 мың тоннасы облысымызға жеткізілген. Нәтижесінде, бүгінгі күні жеткізілген көлемнің 8,6 мың тоннасы облыс агроқұрылымдарына толық таратылып отыр.
- Сондай-ақ күзгі дала жұмыстарына 11,4 мың тонна жанар-жағармай бөлінді. Дизель отынын тарату үшін 8 өңірлік таратушы операторлар айқындалып, тарату бағасы 1 литр дизель отыны үшін 250 теңгені құрады. Операторлар тарапынан 8,5 мың тоннаға қаражат төленіп, 6,4 мың тоннасы облысымызға жеткізіліп, 4,5 мың тоннасы фермерлерге таратылды. Тарату жұмыстары кестеге сәйкес жүргізілуде,- деді Тұңғыш Жанұзақов.
Жиын-теріннің уақытылы жүзеге асуы арнайы техникаларға байланысты. Бүгінгі күні қолда 9 650 дана ауыл шаруашылығы техникасы бар. Алайда бәрі жаңа деуге келмейді. Сондықтан жартысына жуығы жарамсыз болғандықан есептен шығарылған. Тұңғыш Жанұзақов агросектордағы техникаларды жаңалау жұмыстары жүріп жатқанын айтты.
- Жамбыл облысында ауыл шаруашылығы техникасын тіркеудің "ГРСТ" АЖ деректері бойынша 9 650 дана ауыл шаруашылығы техникасы тіркелген. Қолданылу мерзімі 25 жылдан асқан ауыл шаруашылығы техникаларын түгендеу (инвентаризация) жұмыстары жүргізіліп, 3 979 дана өздігінен жүретін техникалар, оның ішінде 3 531 дана трактор және 448 комбайн аудан әкімдіктері тарапынан есептен шығарылды. Нәтижесінде, өңіріміз бойынша бойынша 5 671 дана ауыл шаруашылығы техникасы тіркелген. 2024 жылы 300-ден аса ауыл шаруашылығы техникаларын алу арқылы, жаңару көрсеткішін 5,5%-ке жеткізу көзделген. Ағымдағы жылғы 8 айдың қорытындысымен, 368 дана ауыл шаруашылығы техникалары алынып, нәтижесінде облыс бойынша ауыл шаруашылығы техникаларының жаңару көрсеткіші 6,5%-ды құрады,- деді ауыл шаруашылығы басқармасының баспасөз хатшысы.
Сондай-ақ су үнемдеу технологиясын енгізу бойынша атқарылып жатқан шаруа аз емес. Мәселен, биыл 54,5 мың га алқапқа су үнемдеу технологияларын енгізу көзделуде.
- Ал, 2023 жылы 57 мың гектар алқап су үнемдеу технологияларынан 17 мың га алқапта орналасқан су үнемдеу технологиялары істен шығып, 40,0 мың гектар алқапқа енгізілгені анықталды. Ағымдағы жылы бұл көрсеткіш қосымша 14,5 мың гектарға артып, жалпы 54,5 мың га алқапқа су үнемдеу технологияларын енгізу көзделуде. Есептік кезең бойынша, 8,9 мың га алқапқа су үнемдеу технологиялары ендіріліп, жоспар 61,7%-ға орындалып, тұрақты бақылауда,- деді басқарма өкілі.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Атом электр станциясы – ел ертеңі үшін қажет” – әдіскер
Ұқсас жаңалықтар
Жамбылда облыс әкімінің мерекелік шыршасы өтті
- авторМағжан Орынбасар
- 25 желтоқсан, 2024