Жамбылдағы алтын шығаратын кешенде бір адам тау-кеннің астында қалды
- авторjambylinfo.kz
- 19 қыркүйек, 2024
- 384
Жамбыл облысындағы кен байыту кешенінде төтенше жағдай болды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
18 қыркүйекте Жамбыл облысындағы «Алтыналмас» АҚ-ның бір кен байыту кешенінде тау жынысы опырылды. Оқиға орнына шұғыл түрде апаттық-құтқару тобы жетіп, іздестіру-құтқару жұмыстары басталды.
Тау жынысының қозғалысы мен күрделі географиялық жағдайлар салдарынан опырылған аумаққа қол жеткізу айтарлықтай қиын. Компанияда жазатайым оқиғаны тексеру басталды, барлық күш пен құрал апат астында қалған жұмысшыларды іздеуге бағытталды.
Оқиғадан кейін бірден жұмыс тобы құрылды. Арнайы комиссия жазатайым оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтап жатыр.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Биыл жамбылдық шаруалар қанша өнім жинады
Ұқсас жаңалықтар
«Ауыл аманаты»жобасы аясында 4 мыңнан астам жоба қаржыландырылды
- авторМағжан Орынбасар
- 21 желтоқсан, 2024
Облыста 16 ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылуда
- авторМағжан Орынбасар
- 21 желтоқсан, 2024