Жамбыл жаңалықтар
Биыл Жеңіс күніне орай Жамбылда ардагерлерге 10 миллион теңгеден аса қаржы беріледі
- авторМағжан Орынбасар
- 17 сәуір, 2024
- 930
Бүгінгі күні облыста Ұлы Отан соғысының он ардагері бар. Жыл сайынғы бір реттік көмек ретінде биыл оларға 1 миллион 500 мың теңгеден қаржы беріледі, деп хабарлайды jambylinfo.kz
Облыс әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Еркін Келесовтың сөзінше, бүгінгі күні облыста Ұлы Отан соғысына қатысқан 10 ардагер бар. Оның 8-і облыс орталығында тұрып жатыр. Ал, қалған 2 майдангер Байзақ, Меркі аудандарында өмір сүреді. Басқарма басшысы оларға биыл жылдағы іс-шара аясында 1 миллион 500 мың теңгеден бір реттік көмек берілетінін айтты. Жалпы Жамбыл облысында биыл Жеңіс күніне орай 3167 адамға 267 978 мың теңге көлемінде біржолғы әлеуметтік көмек қарастырылған.
Айта кетейік, еліміз бойынша Астана, Алматы қалалары, Батыс Қазақстан облыстары соғыс ардагерлеріне көмек беруді көздеп отыр.