жұма, 3 мамыр, 2024 18:52

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Байланыс

Жамбыл облысында зағип балалар арасында компьютерді игеруден жарыс өтті

Жамбыл облысында зағип балалар арасында компьютерді игеруден жарыс өтті
Сурет: jambylinfo.kz
Жамбыл облысында зағип жандар мен көзі нашар көретін азаматтарға арналған кітапхананың ұйымдастыруымен №2 Арнайы зағип және нашар көретін балаларға арналған  «Болашақ» мектеп-интернатында «Зағип және компьютер» үйірмесі аясында дәріс алған көру қабілеті нашар оқырмандар арасында «Кедергісіз келешек» атты байқау өтті, деп хабарлайды jambylinfo.kz

Айта кетейік, кітапхана «Зағип және компьютер» үйірмесін 2022 жылдан бастап ұйымдастырып келеді.

Сабақ кезінде біліктілік танытқан 4 білім алушы іріктеліп, сайыс ережесіне сай, үш кезеңде өздерінің бағын сынады.

«Қазылар алқасы барлық қатысушылардың жауаптарын қарап, жүлделі орындарды анықтады. Нәтижесінде І орынды Байбосын Айзере, ІІ орынды Байболов Асхат иеленсе, ІІІ орынды Әмірбек Мәншүк өз қанжығасына байлады. Ал, қалған қатысушылар ынталандыру сыйлығына ие болды», - деп хабарлайды ұйымдастырушылар.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар