Бишімбаевтың көлікпен бала қағып, жауапкершіліктен жалтарғаны рас па?
- авторИндира Тәліпқызы
- 17 сәуір, 2024
- 584
Алайда марқұм Нүкенованың анасы айтқан бұл мәлімдемені Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха жоққа шығарды. Игорь Лепеха айтуынша, Полиция сотта айтылған мәліметті жіті тексерген.
«Көлікпен бала қағып кетті деген ақпарат расталмады. Біз марқұмның туыстарымен (Салтанат Нүкенова – авт.), оның ішінде ағасымен де сөйлестік. Ақпарат қайдан шыққанын да тексердік. Бірақ онда басқа жағдай туралы айтылған. Сондықтан ақпарат расталмады1, - деді Игорь Лепеха.
Еске сала кетейік, азаматтық некедегі әйелін өлтірді деген Бишімбаевқа "қинау" (110-баптың 2-бөлігі) және "аса қатігездікпен адам өлтіру" (99-баптың 2-бөлігі) баптарымен айып тағылған. Бұған қоса, Астанадағы "Гастро-орталық" директоры, Бишімбаевтың туысы Бақытжан Байжанов Салтанат Нүкенованың өліміне байланысты іс бойынша "қылмысты жасырды" деген күдікпен сотқа тартылып жатыр.