жұма, 5 желтоқсан, 2025 13:14

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Цифрлық кодекс: Мәжіліс депутаты тараздық студенттерге цифрландыру саясатын түсіндірді

Цифрлық кодекс: Мәжіліс депутаты тараздық студенттерге цифрландыру саясатын түсіндірді
Фото - ашық дереккөз
Сонымен қатар депутат Мәжіліс жұмысындағы жауапкершілік пен қиындықтар туралы айтты

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бақытжан Жақсылықұлы Базарбек студенттермен кездесті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінде ҚР Конституциясы күніне орай ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бақытжан Жақсылықұлы Базарбек студенттермен кездесу өткізді.

Кездесу барысында депутат елдегі цифрландыру саясаты мен алда қабылданатын Цифрлық кодекс туралы жан-жақты ақпарат берді. Сонымен қатар жасанды интеллектінің қоғамға әсері, оның оң және теріс қырлары туралы айтып өтті.

Бақытжан Жақсылықұлы Базарбек мемлекеттік басқаруды жаңғырту жөнінде де тоқталып, алдағы уақытта бірқатар мемлекеттік қызметтерді жасанды интеллектке ауыстыру жоспарланып отырғанын атап өтті. Оның айтуынша, бұл – мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға бағытталған маңызды қадам.

Сонымен қатар депутат Мәжіліс жұмысындағы жауапкершілік пен қиындықтар туралы айтты, студенттерге мотивациялық кеңестер берді. Жастардың сауалдарына жауап беріп, өзінің өмір жолы мен тәжірибесімен бөлісті.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар