сәрсенбі, 9 қазан, 2024 14:25

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«АЭС – болашақ ұрпақ үшін қажет» - Жамбыл облысының Құрметті азаматы

«АЭС – болашақ ұрпақ үшін қажет» - Жамбыл облысының Құрметті азаматы
inbusiness.kz
Жамбыл облысының Құрметті азаматы Қасымхан Төлендиев АЭС-ті қолдап пікір білдірді

 «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» РҚБ филиалының директоры, Жамбыл облысының Құрметті азаматы Қасымхан Төлендиев ел экономикасын көтеру үшін және өскелең ұрпақтың болшағы үшін мемлекетімізге АЭС керек екенін айтты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Қасымхан Төлендиевтің сөзінше, атом электр станцияларын салу мәселесі бойынша жалпыұлттық референдум өткізуге бастамашы болуы ең әділ және дұрыс шешім.

  • Президент бұл мәселені референдум арқылы шешуді ұсынды. Оның 2023 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділ Қазақстанның экономикалық бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында  Қазақстанда атом электр станцияларын салу мәселесі бойынша жалпыұлттық референдум өткізуге бастамашы болуы ең әділ және дұрыс шешім болды. Әлемдегі АЭС-тер туралы және Қазақстанда АЭС құрылысын салу жұмысына дайындық жайында өздерінің ғылыми танымы мен белсенді көзқарастарын ашық ақпарат көздерінде үнемі білдіріп отырған атом саласының сарапшыларының мағлұматтарымен терең танысқан кез-келген адам көп нәрседен білім ала алады.  Олардың айтуынша, АЭС салынған жағдайда заманауи, қауіпсіз реакторлық технологиялар қолданылады. БАҚ құралдары мен әлеуметтік желі секілді алуан бағыттардағы жария талқылауларға «Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС-і және ядролық физика институтының басшылары мен жетекші мамандары да қатысуда.  Бұл тақырыпты талқылау мақсатында референдум өткізілгенге дейін біздің облысымызда да жария талқылаулар ұйымдастырылып жатыр. Жария талқылауларда барлық азамат өздерін қызықтыратын технологиялардың қауіпсіздігі бойынша да, АЭС құрылысының әлеуметтік-экономикалық аспектілері бойынша да кез-келген сұрақтарына жауап таба алады,- деді Жамбыл облысының Құрметті азаматы Қасымхан Төлендиев.

 

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар