Жамбыл жаңалықтар
Ербол Қарашөкеев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады
- авторСадуақас Айсұлу
- Бүгін, 09:50
- 23
Бұл туралы Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Кездесу барысында баспана және жұмыспен қамту, жаңа білім беру нысанын салу, апатты көпқабатты тұрғын үйді қалпына келтіру, тұрғын үйдің техникалық жай-күйі мен коммуналдық мәселелер, сондай-ақ жеке сипаттағы ұсыныс-пікірлер көтерілді.
Ербол Қарашөкеев тұрғындардың сауалдарына қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жауап берді.
Қабылдау қорытындысында жауапты тұлғаларға көтерілген түйткілдерді жан-жақты зерделеп, кезек күттірмейтін өтініш-тілектер бойынша тиісті шешімдер қабылдау тапсырылды.




