дүйсенбі, 20 мамыр, 2024 10:08

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Ербол Қарашөкеев Пәкістаннан келген бизнесмендермен кездесті

Ербол Қарашөкеев Пәкістаннан келген бизнесмендермен кездесті
Сурет: jambylinfo.kz
Тараптар сауда-экономикалық қатынастарды кеңейту мүмкіндіктерін талқылады

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Пакістан Ислам Республикасының Лахор қаласындағы Құрметті Консул және «Habib Syndicate» бас директоры Рао Халид Махмудпен және «Green Earth Recycling» ЖШС директоры Зафар Жаведпен кездесті, деп хабарлайды jambylinfo.kz облыс әкімінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып.

Кездесу барысында пластмассаны қайта өңдеу, құс фабрикасын салу бойынша өзара тиімді жобаларды іске асыру бойынша нақты ұсыныстар талқыланды.

Аймақ басшысы аграрлық-индустриялық өңір саналатын облыстың оң көрсеткіштеріне қысқаша тоқталып өтті.

Екі елдің маңызды сауда серіктестігін ескере отырып, Халид Махмуд Пәкістан бизнесі Қазақстан өңірлерімен ынтымақтастық орнатуға ниетті екенін жеткізді. Оның айтуынша, Лахор қаласында «Қазақстан үйінің» ашылуы екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға және екі ел халықтарының жақындасуына оң әсер еткен.

Ербол Қарашөкеев облыс басшылығы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мүмкіндіктерін қарастыруға және қолдау көрсетуге дайын екенін атап өтті.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар