бейсенбі, 9 мамыр, 2024 7:23

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Байланыс

Жамбылдық сурдо таэквандошы Диас Рысбеков әлем чемпионы атанды

Жамбылдық сурдо таэквандошы Диас Рысбеков әлем чемпионы атанды
Сурет: jambylinfo.kz
Бішкек қаласында сурдо таэквандодан өткен әлем чемпионатында жамбылдық спортшылар жүлделі орындарға ие болды, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

54 келі салмақта сынға түскен жерлесіміз Диас Рысбеков әлем чемпионатының тұңғыш жеңімпазы атанса, 58 келіде Мади Сейсенбаев қола жүлдеге ие болды. 


Айта кетейік, чемпионатқа ҚР ұлттық құрама сапындағы 22 спортшы ел намысын қорғаған. Оның ішінде, облыстық дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубынан 3 спортшы қатысқан. 


Жамбылдық жанкүйерлер жерлестеріміз чемпион Диас Рысбеков пен қола жүлдегер Мади Сейсенбаевті күтіп алып, демеушілер тарапынан спортшыларға қаржылай сыйлықтар табыс етті.

Автор: Дамир Қанатов

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің 4 курс студенті

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар