Үйірме өткізетін мұғалімдерге заң бойынша жалақы төленуі тиіс пе?
- авторИндира Тәліпқызы
- 2 сәуір, 2024
- 1.0k
Жалпы, бұл сұрақ ұстаздар қауымын мазалап, әрі әркез қызу пікіріталас тудырады. Сол себепті, осы сұрақты облыстық Білім басқармасына жолдап, жауап алдық.
Жамбыл облыстық білім басқарсыманың мәліметінше, үйірме деген штаттық жұмыс. Ал штат сағат болып бөлініп, «Күнделік.кз» сервисі арқылы бағаланады. Еңбекақысы төленеді. Өйткені үйірме сағаттары тарификациядан өтеді.
«Үйірме өткізген педагогтердің жалақылары сағат ретінде есептеліп, төленеді. Оның мөлшері бекітілген тиісті коэффициенттерге базалық лауазымдық айлық ақыны көбейту арқылы айқындалады», -деп жазылған облыстық Білім басқармасының баспасөз қызметі берген ақпаратта.
Қазір мектептерде дебат пікірсайыс клубы, қазақша күрес, волейбол, домбыра, шахмат секілді үйірмелер жұмыс істейтінін атап өткен жөн.
Ұқсас жаңалықтар
Қазақстандағы мектептерде тамақ мәзірінің жаңа стандарты әзірленеді
- авторМағжан Орынбасар
- 12 қараша, 2024