Ербол Қарашөкеев «Саутс-Ойл» ЖШС президенті Серікжан Сейтжановпен кездесті
- авторМағжан Орынбасар
- 5 маусым, 2025
- 144

Жоба аясында кәсіпорынның қуаттылығы жылына 30 мың тоннаға дейін артады. Қосымша 300 жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Жергілікті атқарушы органдар инфрақұрылым мәселелерін шешуге қолдау көрсетеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Серікжан Сейтжанов құрылыс жұмыстарын 2025 жылдың тамыз айының ортасына дейін аяқтау жоспарланып отырғанын хабарлады.
Өңір басшысы зауыт қызметі алтын өндіру және басқа да салаларда сұранысқа ие стратегиялық өнім шығару арқылы еліміздің импортқа тәуелділігін азайтуға және өнеркәсіптік қауіпсіздікті нығайтуға ықпал ететінін атап өтті. Зауыт ішкі нарықты толық қамтамасыз етіп қана қоймай, экспорттық әлеуетін нығайтып келеді.
Сондай-ақ Ербол Қарашөкеев өңірдің серпінді инвестициялық жобалары мен инвестициялық саясатының негізгі бағыттары туралы айтып, Жамбыл облысының тұрақты дамуы үшін стратегиялық серіктестерді тартудың маңыздылығын атап өтті.
Ұқсас жаңалықтар
Алдын алу шаралары - өртті тұсаулау бойынша бас көмекші
- авторБақытжан Бекболат
- 20 маусым, 2025