дүйсенбі, 30 қыркүйек, 2024 8:31

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Ержан Жылқыбаев жамбылдықтарды тойды тоқтатуға шақырды

Ержан Жылқыбаев жамбылдықтарды тойды тоқтатуға шақырды
ашық дереккөзі
Ержан Жылқыбаев жамбылдықтарды тойды тоқтатуға шақырды
Облыс әкімінің орынбасары Ержан Жылқыбаев жамбылдықтарды жиын-тойларды доғарып, сақтық шараларын сақтауға барынша назар қоюға шақырды. Бұл жайында Ержан Жұматұлы өзінің Facebook-тегі парақшасында жариялады.
Барлығымыз БАҚ беттерінен оқып, хабардар болып отырмыз. Бүгінде көршіміз Ресейде күн сайын 15 мыңдай адам коронавирус пен пневмония жұқтырып жатыр. Еліміздің солтүстік, орталық, батыс өңірлерінде де індетке байланысты карантиндік шаралар қайта күшейді. Демек, біз де сақтануымыз керек. Сондықтан да облыс әкімінің тапсырмасымен құрылған, құрамында төтенше жағдай, полиция, БАҚ сынды органдардың өкілдері бар арнайы топ күн сайын рейдтерге шығып, мейрамханалар мен тойханаларды аралап жүр. Бүгін түскі уақытта бірнеше тойхананы аралап шықтым. Өкінішке қарай, тәртіпті бұзып, жасырынып той жасап жатқан азаматтарымыз көп. Мен бас сұққан бес тойханада да 100-120 шамасында адамды қамтыған жиын, тойдың үстінен түстім. Сонша қонақтың біреуі дертті болса, тойға келгендердің кем дегенде жартысына жұқтыратыны анық.
 width=
Бұл денсаулығымызға қауіп төндіреді, отбасымызға, тіпті мемлекетімізге салмақ салады. Азаматтардың денсаулығына мемлекет қана жауапты емес, өзіміз де жауаптымыз. Коронавирустың залалы алғашқы кезеңде-ақ басымызға қалай тиді?! Соны ұмытпауымыз керек. Аурудың күрт таралып кетпеуіне азаматтарымыз да үлес қосуы тиіс. Тәртіп пен талапты сақтасақ қана, дертті ауыздықтай алатынымызды түсінетін уақыт жетті деп ойлаймын. Өзімізге жанымыз ашысын, өзгені де ойлайық! Рейд барысында осыны, өңірдің бас санитар-дәрігерінің қаулысын той иелеріне де, тойхана иелеріне де түсіндірдік. Алғаш рет той ұйымдастырғандарға ескерту берілді, қайталағандарға 640 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. Тәртіп пен талапты сақтау үшін осындай қадамға баруымызға тура келді. Өйткені, адам, оның денсаулығы – мемлекеттің басты байлығы. Оған қауіп төндіруге ешкімнің құқығы жоқ. Жалпы, Тараз қаласы бойынша бүгінге дейін 1284 нысан тексеріліп, 94 хаттама жасалған. Айыппұлдың жалпы көлемі 10 972 120 мың теңгені құрады. Ал өткен аптада 21 073 000 теңгенің айыппұлы мен 33 құжат толтырылды.
 width=
Қауіпті індеттің қайталануы мүмкін екенін, оған дайындық барысын үнемі хабарлап келеміз. Мұның маңыздылығын, қауіпсіздік шараларын барынша сақтау қажеттігін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та ескертті. Мемлекеттің басты байлығы – адам, оның денсаулығы. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қауіпті індет қайталана қалса оған әзірлік барысын күшейтуді жиындарда үнемі тапсырады. Қазіргі таңда барлық қауіпсіздік шараларын жасап жатырмыз. Мобилді топтардың бақылау рейдтері күн сайын болады» — деді оьлыс әкімінің орынбасары.
[video width="1280" height="720" mp4="https://jambylinfo.kz/wp-content/uploads/2020/10/barlygymyz-baq-betterinen-oqyp-habardar-bolyp-otyrmyz.-byginde-72Ңp-.mp4"][/video]
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар