сейсенбі, 5 қараша, 2024 21:32

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Асарлатып үй салу» жобасы аясында жалғыз басты ана баспаналы болды

«Асарлатып үй салу» жобасы аясында жалғыз басты ана баспаналы болды
ашық дереккөзі
«Асарлатып үй салу» жобасы аясында жалғыз басты ана баспаналы болды
Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың бастамасымен қолға алынған «Асарлатып үй салу» жобасы сәтті жүзеге асырылып келеді. Оның шеңберінде тағы бір отбасы баспанаға ие болып отыр. Қоныс тойы Жуалы ауданының Ынтымақ ауылында аталды. Жоба аясында пайдалануға берілген үйдің кілті салтанатты түрде ауыл тұрғыны, жалғызбасты ана Тұрсынкүл Пернебаеваға табыс етілді. 33 жастағы азаматша қазірде екі баласын өзі өсіріп келеді. Әзірге жұмыссыз жүр екен. Ынтымақ тұрғынына үй салу туралы шешімді жергілікті әкімдік, мәслихат депутаттары мен ауыл ақсақалдары ақылдаса келе шешкен. Бұл шешімді ауыл тұрғындары қолдап, шаруа қожалық жетекшілері, ауылдағы мекеме ұжымдары, Шақпақата және Ынтымақ ауылдарына ауызсу жүйесін жүргізіп жатқан мердігерлер "Ақмешіт-Мелиоратор" және "Байсын-А" ЖШС төрағалары үлес қосып 1 млн 200 мың теңгеге үй сатып алып, жөндеп берген. ​ «Асарлатып үй салу» жобасы бойынша барлығы 123 үйдің кілтін табыс ету жоспарланған. Бүгінгі күнге дейін 12 үй пайдалануға берілді. Қалған 111 үй жыл соңына дейін кезең-кезеңімен пайдалануға берілетін болады. Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар