Фототілші Алтынбек Қартабай «ҮРКЕР» - 2025 ұлттық сыйлығының номинанты атанды
- авторМағжан Орынбасар
- 6 қараша, 2025
- 216
Бүгін – кәсіби фототілші, шығармашылық ізденісімен елге танылған әріптесіміз Алтынбек Қартабай «Үркер» - 2025 ұлттық сыйлығының номинанты атанды, деп хабарлайды
Алтынбек Болатұлының әрбір туындысына үңілсеңіз, табиғаттың әсемдігі, гүлдердің сұлулығы, Тараздың күндізгі-түнгі көрінісі, ұлттық киімдегі қазақ қызының бейнесі, тарихи-мәдени мұралар мен ұлттық құндылықтар шынайы көрініс табады. Оның фотолары жай ғана кадр емес сөйлеп тұрған, ойға жетелейтін туындылар.
Аумалы-төкпелі кезеңде күнкөріс қамымен орталық алаңда елді ақыға суретке түсіріп, әуесқой фотограф болып жүрген Алтынбек Болатұлының арманы газетте фототілші болып еңбек ету еді. Бұл арман 2005 жылы жүзеге асып, «AR-AI» жастар газеті ашылған сәттен бастап бүгінге дейін, яғни 20 жыл бойы осы басылымда фототілші болып еңбек етіп келеді.
Алтынбек Қартабай – халықаралық және республикалық байқаулардың жүлдегері, Тараз қаласында бірнеше мәрте жеке фотокөрме ұйымдастырған кәсіби шебер.
Айта кетейік, биыл ұлттық бәйге 11 номинация бойынша өткізілді. Байқауға журналистерден 400-ден астам өтінім келіп түсті. Үміткерлер арасынан үздік жұмыстарды анықтау үшін тәжірибелі журналистер мен медиа-менеджерлерден құралған тәуелсіз қазылар алқасы жұмылды. Нәтижесінде шорт-листке 44 номинант енді.
Ұқсас жаңалықтар
Президент Жолдауы: Облыс әкімдігінде жиын өтті
- авторМағжан Орынбасар
- 4 желтоқсан, 2025





