жексенбі, 23 маусым, 2024 6:15

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Газ өшеді»: Шу ауданында көгілдір отын беру уақытша тоқтайды

«Газ өшеді»: Шу ауданында көгілдір отын беру уақытша тоқтайды
Сурет ашық дереккөзден алынды
28-29 мамыр күндері Шу тұрғындары көгілдір отын қолданбайды

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ облыстық филиалы Шу газ шаруашылығы биыл қысқы жылыту маусымына дайындық жұмыстарын жүргізу мақсатында газ құбырларын және олардың қондырғыларын жөндейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды jambylinfo.kz

Жөндеу жұмыстары өтетін күні таңғы сағат 09:00 ден кешкі сағат 18:30 дейін газ беру уақытша тоқтайды. Осылайша 28-29 мамыр күндері Шу тұрғындары көгілдір отын қолданбайды.

«28-мамыр күні Шу қаласы Алпамыс батыр, Темирязева, Қобыланды батыр көшелері, Хақназар, Ақшоқы, Күлтегін, Самұрық, Жібек жолы, Ақтерек, Өжет, Ордабасы, Д.Рақышев көшелері. 29-ы күні Шу қаласы Сарыөзек, Алакөл, Қалғаева, Бекбосынов, Сыпатай батыр, Жетіген көшелері, Атамұра, Құлатаев, Қосы батыр көшелерінде газ беру уақытша тоқтатылады»,- делінген ресми мәлімдемеде.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар