жексенбі, 27 сәуір, 2025 2:59

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

ҚХА-ның 30 жылдығы: Кеңейтілген кеңес отырысы өтті

ҚХА-ның 30 жылдығы: Кеңейтілген кеңес отырысы өтті
Фото: Jambylinfo.kz
Жиында бірқатар тұлға мерекелік медальмен марапатталды

Бүгін облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының 30 жылдығы аясында ҚХА-ның кеңейтілген кеңес отырысы өтті, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Жиынға облыс әкімі Ербол Қарашөкеев, Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев, Қазақстан халқы Ассамблеясының  мүшелері мен ардагерлері, облыстық этномәдени бірлестіктер мен құрылымдардың өкілдері қатысты.

Жиында Қазақстан халқы Ассамблеясының өңірде атқарып жатқан жұмыстары және 1 мамыр – Бірлік күні мерекесіне орай өткізілетін іс-шаралардың барысы талқыланды.

Кеңес отырысында облыс әкімі аймақта атқарылған ілкімді істерді тілге тиек етіп, жиынға қатысушыларды ҚХА-ның 30 - жылдығымен құттықтады.

Бұдан кейін Мәлік Отарбаев сөз алып, бейбіт елдің бірлігін нығайту жолында Ассамблеяның маңызы зор екенін атап өтті.

Отырыс соңында бірқатар тұлға “Қазақстан халқының Ассамблеясына - 30 жыл” мерекелік медалімен марапатталды.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар