Биыл жаз өткен жылдарға қарағанда ыстық болады. Демек далалы аймақтарда өрт қаупі жоғары болады деген сөз. Бұл – экология және табиғи ресурстар министрлігі таратқан ресми болжамы, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz qazaqstan.tv сілтеме жасап.
Ал мемлекеттік органдардың жаз маусымына дайындығы жоспардағыдай емес. Мәселен 8 облыста орман өртін сөндіру станциялары тапшы. Жұмыс істеп тұрғандарының өзі әбден тозған. Оннан астам өңір өрт маусымына дайын болмай шықты. Оларға тез арада анықталған кемшілікті жойып, жеке құрамды жауынгерлік әзірлікке келтіру тапсырылды. Сондай-ақ төтенше жағдай кезінде жұмылдырылатын күштердің жұмыс істеу алгоритмінде де олқылықтар бар екені анықталды.
Олжас Бектенов, Премьер-министр:
Алайда биыл Павлодар және Абай облыстарында болған табиғи өрт бұл алгоритмнің орындалмай отырғанын көрсетті. Мысалы Абай облысында орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері Төтенше жағдайлар, Ішкі істер және Қорғаныс министрліктеріне өрттің шыққаны туралы тез арада хабар бермеген. Павлодар облысында да дәл осындай жағдай орын алды.