Жамбыл жаңалықтар
Халық санағының әлеуметтік-экономикалық маңызы зор
- авторjambylinfo.kz
- 22 шілде, 2021
- 214
Халық санағының әлеуметтік-экономикалық маңызы зор
Қазақстанда ұлттық халық санағы әр 10 жыл сайын өткізіледі. Соңғы науқан 2009 жылы жүргізіліп, келесі науқан 2019 жылы өтуі тиіс еді. Алайда санақты дайындау мен өткізуге байланысты бірқатар ұйымдастырушылық мәселелер ескеріле отырып, 2020 жылға қалды. Одан кейін еліміздегі коронавирустық инфекцияның таралуына және енгізілген шектеулі карантиндік шараларға байланысты 2021 жылға шегерілгені белгілі. Өңірімізде халық санағына дайындық қалай? Бұл мәселе облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен кезекті аппараттық кеңесте қаралды.
Статистика департаментінің басшысы Сырым Мәдиевтің айтуынша, халық санағының дайындық кезеңі 1-30 маусым аралығында өткен. Интервьюерлер тұрғын және тұрғын емес үй-жайлардың мекенжайларын, сондай-ақ онда тұратын халықтың нақты санын анықтау үшін әрбір елді мекен бойынша аралау жүргізген. Алдын ала мәліметтер бойынша, облыс халқының саны 1 120 293 адамды құраған. Дәстүрлі жаппай аралау 1-30 қазан аралығына жоспарланған және онлайн-режимде санақтан өтпеген респонденттер арасында жүрмек.
- Бірінші кезең барысында бірқатар өзекті мәселелер анықталды. Жуалы, Қордай, Т.Рысқұлов аудандарының кейбір елді мекендерінде ұялы байланыс сапасын жақсарту бойынша шұғыл шаралар қабылдау қажет, - деді С. Мәдиев. Тараз қаласы және аудан әкімдіктері облыстық полиция департаментімен бірлесіп, интервьюерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті.
Сарысу, Талас, Т.Рысқұлов аудандарында кейбір елді мекендердің атаулары әкімшілік-аумақтық объектілер жіктеуіші мен мекен-жай тіркелімі бойынша сәйкес келмейді. Аймақ басшысы аталған үш аудан әкіміне бұл мәселені шешуді тапсырды.
- Барлық елді мекендердің тізбесін өзектендіру қажет, оның ішінде қаланың саяжай алқаптарына, шалғай ауылдарға және шекара маңында орналасқан ауылдарға айрықша назар аударған жөн. Алдағы халық санағының әлеуметтік-экономикалық маңызы зор. Халық санағы барысында алынған деректер әрбір тұрғынды мемлекеттік қолдаумен қамтуға мүмкіндік береді, - деді облыс әкімі.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Әр сенбі сайын шөп жәрмеңкесі өтеді
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл жаңалықтар
Жамбылда 8 мәдениет нысаны ел игілігіне беріледі
- авторМағжан Орынбасар
- 14 қараша, 2024