жексенбі, 17 қараша, 2024 22:21

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Әр сенбі сайын шөп жәрмеңкесі өтеді

Әр сенбі сайын шөп жәрмеңкесі өтеді
ашық дереккөзі
Әр сенбі сайын шөп жәрмеңкесі өтеді
Жамбыл облысында әр сенбі сайын шөп жәрмеңкесі ұйымдастырылуда. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында жемшөп дайындау, егістікті сумен қамтуға қатысты нақты міндеттер жүктеген болатын. Осыған орай, Жамбыл облысында бірқатар жұмыстар қолға алынған болатын. Биыл ауа райының қолайсыздығы мен қуаңшылықтың салдарынан шабындықтарды өнімділік төмендеген. Бұл өз кезегінде мал азығына қажетті жем-шөп бағасының өсуіне әсер етті. Осыған байланысты аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев арнайы үндеу жолдап, қажетті шөпті жинап алу үшін ішкі барлық ресурстарды пайдалануды тапсырған болатын. «Бүгінгі таңда тау аңғарларынан, сай-сала, өзен арналарынан қосымша пішен дайындау жұмыстары басталып кетті. Биыл Сарысу, Мойынқұм және Талас аудандарындағы Шу, Талас және Аса өзендерінің бойындағы өнім өткен жылмен салыстырғанда жоғары болғандықтан, ірі шаруа қожалықтарға шөпті аталған аудандардан орып алу ұсынылды. Бұдан бөлек, кейбір аудандағы шаруалар өз меншігіндегі сай-салаларды халыққа бөліп беріп отыр. Осылайша шөп дайындау жұмыстары Жуалы тағы басқа аудандарда ұйымдастырылуда. Сондай-ақ біздің басқарма тарапынан өткен сенбіден бастап барлық аудан орталықтарында «жем-шөп сату» жәрмеңкесін өткізу қолға алынды», - дейді облыс әкімдігі ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Қайрат Аманов. Мал азығы бағасының негізсіз шарықтап кетуінің алдын алу мақсатында ұйымдастырылған жәрмеңке барлық ауданда әр сенбі сайын өткізіледі. Мәселен, өткен жәрмеңкеде Мойынқұм ауданына жеткізілген бір бау жоңышқа – 1000, пішен – 500, бір орама шөп (рулон) – 3500 теңгеден өткерілді. Жалпы жәрмеңкеге 1600 бау пішен, 1000 бау жоңышқа және 500 орама шөп (рулон) жеткізілген. Сол сияқты Тұрар Рысқұлов ауданында өткен жәрмеңкеде 36 тонна жоңышқа, 56 тонна пішен және 28 тонна сабан сатылған. Облыс әкімдігі ауыл шаруашылығы басқармасы бұл жәрмеңкенің алдағы апталарда да тұрақты ұйымдастырылатындығын жеткізді.  
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар