Конституцияның 30 жылдығы: Жамбыл облысының ХҚКО-ларында жаңа акция басталды
- авторМағжан Орынбасар
- 27 тамыз, 2025
- 535
«Ата Заң – тәуелсіздік тірегі» атты ұлттық іс-шаралар жоспары аясында Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына орай бүкіл ел бойынша «ATAZAN_AZAMAT_KZ» республикалық челленджі бастау алды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Бүгін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Жамбыл облысы бойынша филиалы аталмыш акцияға қосылып, Халыққа қызмет көрсету орталықтарында маңызды құжат – жеке куәлікті алғаш рет алған азаматтарға салтанатты түрде табыстады.
«Конституция – бұл біздің мемлекетіміздің іргетасы, әрбір азаматтың құқықтары мен бостандықтарының кепілі. Бүгінгі іс-шара қазақстандық азамат болу – үлкен мәртебе мен жауапкершілік екенін тағы бір мәрте еске салады», – деп атап өтті Жамбыл облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» филиалы.
Аталған іс-шара челлендждің жарқын бастамасы болып, алдағы уақытта облыстың барлық Халыққа қызмет көрсету орталықтарында жалғасын таппақ.
Мектептерде жаңа пән пайда болуы мүмкін
Ұқсас жаңалықтар
Президент Жолдауы: Облыс әкімдігінде жиын өтті
- авторМағжан Орынбасар
- 4 желтоқсан, 2025






