«Коньяк пен насыбай». Тараздық азамат түрмеге зат лақтыру үстінде ұсталды
- авторМағжан Орынбасар
- 19 шілде, 2024
- 804
Облыс бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаменті №58 мекемесінің режимдік күзет бекетінің қызметкерлері тасадан келіп, түрмеге зат лақтырмақ болған азаматты дер кезінде ұстады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Мекеменің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, шілденің 18-і күні сағат кешкі 19:30 шамасында №58 түзеу мекемесінің маңына жасырын түрде келген азамат ішкі аумаққа зат лақырмақ болған. Ұрымтал сәтті пайдаланғысы келген күдіктіні күзет бекетінің қызметкерлері жедел әрекет ету арқылы ұстады. Анығы, 44 жастағы азамат Тараз қаласының тұрғыны. Түрмедегілердің қамын жеген күдіктінің дорбасынан коньяк, насыбай, құлаққап, 2 қуаттағышымен 4 телефон табылып, тәркіленген.
- №58 түзеу мекемесі бұл жөнінде нақты шаралар қабылдады. Алдымен факт бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаменетіне және прокуратураға хабар берілді. Нәтижелер бойынша қосымша ақпарат беріледі,- деді мекеменің баспасөз қызметі.