Бұзақылық үшін 15 күнге қамалған Қайрат Нұртас бостандыққа шықты, - деп хабарлайды Jambylinfo. kz.
Өнер иесінің анасы әншіні күтіп тұрған жақындарын, достарын көрсетті.
Артынша ұлымен қауышып, Қайрат Нұртастың караокеде ән салып тұрған видеосын жариялады.
«Менде бәрі жақсы. Бәріне рақмет», - деді Қайрат Нұртас.
Ал Гүлзира Айдарбекова қиын күндері қолдау көрсеткен жандарға алғыс айтты.
Естеріңізге сала кетейік, 5 шілдеде Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынған болатын. Әнші Алматыдан Астанаға ұшқан ұшақ бортында жанжал шығарған.
Қайрат Нұртасқа ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 2-бөлігі (жыл ішінде қайталап жасалған ұсақ бұзақылық) және ӘҚБтК-нің 73-баптың 1-1-бөлігі (денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру) бойынша айып тағылды.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Жәнібек Әлімханұлы Сауль Альваресті шаршы алаңға шақырды
- авторjambylinfo.kz
- 21 қараша, 2024